Тарихы

    • Мектеп-интернатымыздың тарихы

    • Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы

       Дарынды балаларға арналған мамандандырылған

      № 11 С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп–интернат кешені

                       1924 жылы Орал қаласында тұңғыш ұлттық мектеп болып ашылған, бүгінгі Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің тарихы терең, шежіресі мол. Мектептің сексен бес жыл өмір тарихында талай қазақ баласы білім алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен аттанды. Бір кезде жартылай панасыз балаларға арналып ашылған мектеп өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтерілді. Ұзақ  жылғы білім мен тәрбие беру жолында есімдері көпке танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін түлетті. Сол жылдарда талмай еңбек етіп, шәкірт жүрегіне ізгілікті жол таба білген ұстаздар мен интернат тәрбиешілерінің еңбегі орасан зор. Кезінде мектептің ашылуына қамқорлық жасаған, бүгінде есімі берілген Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы да кейінгі ұрпаққа үлкен тәрбие мектебі.

                   Атқарған жұмысты жас ұрпаққа терең ұғындыру – ұстаз-тәрбиеші ұжымының тәрбие саласында атқарып жатқан басты жұмыстарының бірі. Бүгінгі таңда еліміздің өсу-өркендеу, әлем елдері қатарынан танылған шағында табысты жұмыстарымен  кітапта есімдері аталып, еңбектері ерекшелене көрінген адамдар өмірі де ұрпаққа үлкен өнеге болмақ.

                    Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы 10 мамыр айында мектебімізге келген сапарында «Республикадағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі» деп атап, үлкен үміт артып, сапалы білім мен тәрбие беруіне сенім білдіруі–болашақ атқарылар жұмыстарымызға үлкен жауапкершілік жүктейді.

      1933-34 жылында №11 мектептің алғашқы қарылғаштары 7 класс бітіріп өмірге жолдама алды.

      1936 жылы мектеп Қазақстандағы үш орта мектептің  бірі болу дәрежесіне жетті.

      1964 жылы 22 мамырда мектепке Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

      1991 жылы мектеп-интернат лицейі атанды.

      1999 жылы 8 желтоқсанда мектеп Дарында балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп-интернат кешені.

      2008 жылы 22 ақпанда мектеп Дарында балаларға арналған мамандарылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені мәртебесін алды.

      2007-2008 оқу жылынан бастап үш тілде оқитын бағыт ашылды.

      Мектеп жетістіктері:                                      

                Мектеп 2000 жылы республикалық «Таңдаулы мектеп» байқауында «Таңдаулы қала мектебі» Дипломымен, 2002 жылы республикалық оқушылар олимпиадасында мектеп командасы «Үздік команда» деп танылып ІІ дәрежелі Сертификатпен, 2002 жылы               «Жыл интернаты - 2002» республикалық байқауында арнайы Дипломмен марапатталса,       2006-2007 оқу жылында облыстық, республикалық «Білім ұясы: Таңдаулы мектеп» байқауының, 2008 жылы облыстық «Ашық мектеп» сайысының жеңімпазы болды.                     Ал 2008-2009 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша мектебіміз Республика бойынша үздік  деп танылған 100 мектептің ішінде 2 орынды иемденіп, ҚР білім және ғылым министрінің «Ең үздік жаңашыл мектеп» атағы берілді.  

                       Мектеп атын дарынды оқушылар шығарса, білім сапасы «Алтын белгі» иегерлері мен үздік оқушылар арқылы анықталады. 2000-2010 жылдар аралығында мектептің 51 түлегі «Алтын белгі» иегерлері атағына ие болды.

                    ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры дегендей, облыс әкімінің ұйымдастыруымен 2003-2009 оқу жылдары мектеп бітірушілер арасында ҚБТУ-іне түсушілерге арнап ұйымдастырылған А.Д.Тайманов атындағы техникалық олимпиадасының жеңімпаздары – 55 мектеп түлегі, оқуын Қазақстандық-Британ және Қазақ Ұлттық Технологиялық Университеттерінде және басқа да техникалық оқу орындарында  жалғастыруда.

                    Елбасының халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде оқып жүрген шәкірттердің саны 15-ке жетті. Халықаралық АКСЕЛС «Акт в поддержку свободы» бағдарламасымен 2 оқушы өз білімін АҚШ елінде жалғастыруда.     

                      «Білікті педагог–білім мен тәрбие кепілі» дегендей, шәкірттерге терең білім берудегі ұстаздар қатарына «Құрмет» ордені – 1, «Ерен еңбегі үшін» – 1, аға оқытушы – 1,                «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» – 22. Көптеген мұғалімдер өздерінің жекелеген оқу бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Шығармашылықпен жұмыс істеу білім берудің сапасын арттырары сөзсіз. Тынымсыз еңбектері бағаланып, Елбасы қабылдауында болған ұстаздар: Е.Қ.Сапаров «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Ж.И.Супалиева «Құрмет» ордені иегерлері (2004). А.А.Есқазиева республикадағы «Таңдаулы Әуезовтанушы мұғалім» (1997). С.Т.Танасова «Учитель, ведущий к вершинам Олимпа» республикалық сертификат иесі (2002). «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» 2008. С.М.Қазиханов «Алтын кілт» республикалық сайыста «Іскер ұстаз» атанған (2001). Х.Қ.Лұқпанов республикалық І педоқулары жүлдегері (2002) және Ы.Алтынсарин атындағы медаль (2006), облыс әкімінің техникалық олимпиада Грантының иегері (2007).  Ш.Тілеужанова облыстық «Қыран» атағының иегері (2007), . Ы.Алтынсарин атындағы медалімен марапатталушы (2008), М.Ізмағамбетова, Лұқпанов Х.Қ,  А.Төлеуова, А.Жылқайдарова, Е.Қанаев, К.Ақболатова, М.Шоңыраева, Г.Мұсағалиева, А,Байжиенова, Ш.Тлеужанова, Н.Шхан, М.Тапалова, А.Мыңбаев – облыс әкімінің грант иегерлері (2007–2009), мектеп мәртебесін биіктетуде. Шоңбаев Жеңіс Меңдіғалиұлы Информатика мұғалімдерінің ІІІ Республикалық «Алтын диск» байқауында ІІІ орынды жеңіп алды. Тлеужанова Шара Кемелқызы облыстық «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік мұғалімдерге материалдық көтермелеу гранттарын тағайындау» байқауында І орынды иемденді.

      Мектебіміз уақыт талабынан туған оқу-тәрбие жұмыстарына болашақта да белсене қатынасатын болады. 

    • Байланыс

      • Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені
      • +7 (7112) 506273
      • Орал қаласы, Мұхит к-сі 37
        Kazakhstan
  • Фотогалерея

    • no data to display yet