Жаңалықтар

        • Робот техникасы бойынша жолдастық кездесу
          • Робот техникасы бойынша жолдастық кездесу

          • Мектебімізде 2017 жылдың 3 ақпаны күні №42 «Ақ ниет» гимназиясы мен Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің оқушылары арасында робот техникасынан «Сумо» категориясы бойынша жолдастық кездесу болып өтті. Бұл сайысқа барлығы 8 команда қатысты. Соның ішінде  №42 «Ақ ниет» гимназиясынан 3 команда, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінен 5 команда қатысты. Командалардың барлығы бір-бірімен ойын өткізді. Ең көп ұпай жинаған 4 команда финалға өтті (№42 «Ақ ниет» гимназиясынан 2 команда, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінен 2 команда).

            Финалдың қорытындысы бойынша:

            №42 «Ақ ниет» гимназиясынан «Кирпичок» командасы 1 орын, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінен «Uralsk bulls» командасы 2 орын, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінен «Гладиатор» командасы 3 орын, №42 «Ақ ниет» гимназиясынан «Чаппи» командасы 3 орын иеленді.

            Орын алғандар дипломмен марапатталды.

             

             

      • Байланыс

        • Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені
        • +7 (7112) 506273
        • Орал қаласы, Мұхит к-сі 37
          Kazakhstan
    • Фотогалерея

      • no data to display yet