Жаңалықтар

          • Сазды кездесу

          • 13 ақпан күні мектебіміздің «Өнер» бөлімінде Домбыра-терме мұғалімі Амиргалиева Жанна Мұратқызының «Қазақ халқының дәстүрлі ән өнері» атты сазды кездесу кеші ұйымдастырылды.Кеш қонақтары: Құрманғазы атындағы саз колледжінің əн-терме класының мұғалімі Армат Исламғалиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы филармония əншісі Дастан Есентеміров, Саз мектебінің əн-терме класының мұғалімі Əдемі Əділгереевна, Саз мектебінің əн-терме мұғалімі Фархат Оразав, Өмірəлі Ернар термеші

          • Құқық қорғау қызметінің мамандарымен кездесу

          • Мектебімізде 7-ші ақпан күні 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен БҚО құқық қорғау қызметінің мамандарымен кездесу жиыны ұйымдастырылды. Тақырыбы: Мектеп оқушылары арасында тəртіп бұзушылықтың алдын алу, кəмелетке толмаған жасөспірімдер арасында еңбек құқығы ережесін сақтау. Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білуге, ҚР заңдарын біліп, сыйлап, құрметтеуге үйрету. Кездесуге БҚО кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Р.Р. Демеуов, БҚО, ювеналды полиция басқармасының аға инспекторлары Б.С.Нурхатова, М.Қ.Теміртасов қатысты. Кездесуді ұйымдастырған 10а,11а сынып қураторы Рахметова Ж.Ж

          • «Химия, биология және физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту: бүгіні мен болашағы». Семинар

          • Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 7 ақпан күні мектебімізде «Химия, биология және физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту: бүгіні мен болашағы» тақырыбында семинар болып өтті. Семинарда мектебіміздің мұғалімдері ағылшын тілінде ашық сабақтар өткізіп, оқушыларымыз шеберлік сыныбын көрсетті. Семинар мектебіміздің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

          • Көңілді Тапқырлар Алаңы

          • Мектебімізде 25 қаңтар күні сағат 16:00-де 5-11 сыныптарға мектеп акт залында "Жайдарман" ойындары өтті. Жайдарман ойындарына 5-10 сынып командалары қатысып, I-орынға 8 сынып оқушылары ие болды.

          • Dombra Party

          • Руxани жаңғыру бағдарламасы аясында 26 қаңтар күні сағат 15.00 де, "Атриум" сауда орталығында Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің «Өнер» бөлімі домбырашылары «Даламыздың үнісің сен домбыра» атты концерт ұйымдастырды.

        • Робот техникасы бойынша жолдастық кездесу
          • Робот техникасы бойынша жолдастық кездесу

          • Мектебімізде 2017 жылдың 3 ақпаны күні №42 «Ақ ниет» гимназиясы мен Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің оқушылары арасында робот техникасынан «Сумо» категориясы бойынша жолдастық кездесу болып өтті. Бұл сайысқа барлығы 8 команда қатысты. Соның ішінде  №42 «Ақ ниет» гимназиясынан 3 команда, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінен 5 команда қатысты. Командалардың барлығы бір-бірімен ойын өткізді. Ең көп ұпай жинаған 4 команда финалға өтті (№42 «Ақ ниет» гимназиясынан 2 команда, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінен 2 команда).

            Финалдың қорытындысы бойынша:

            №42 «Ақ ниет» гимназиясынан «Кирпичок» командасы 1 орын, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінен «Uralsk bulls» командасы 2 орын, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінен «Гладиатор» командасы 3 орын, №42 «Ақ ниет» гимназиясынан «Чаппи» командасы 3 орын иеленді.

            Орын алғандар дипломмен марапатталды.

             

             

      • Байланыс

        • Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені
        • +7 (7112) 506273
        • Орал қаласы, Мұхит к-сі 37
          Kazakhstan
    • Фотогалерея

      • no data to display yet